Өзбекстан Республикасының 59 азаматы елден шығарылды

/
Өзбекстан Республикасының 59 азаматы елден шығарылды
istockphoto.com

Талас аудандық соты Өзбекстан Республикасының 59 азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған әстер «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бабы бойынша қозғалған.

Іс материалдарынан 2025 жылдың ақпан мен наурыз айлары аралығында Өзбекстан Республикасының азаматтары Жамбыл облысы Талас ауданында орналасқан зауытта әр түрлі құрылыс жұмыстарын заңсыз атқарғаны анықталды.

Сотта құқық бұзушылар өз кінәлерін мойындап, жасаған іс-әрекеттеріне өкініш білдірді.

Сот қаулысымен Өзбекстан Республикасының 59 азаматы ӘҚБтК-нің  517-бабының 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасынан шығарылды.

 

Бөлісу: