"Маған ақша емес, жұмыс керек": Әлеуметтік желіде жұртты тебіренткен бейбақтың оқиғасы

/
"Маған ақша емес, жұмыс керек": Әлеуметтік желіде жұртты тебіренткен бейбақтың оқиғасы
сурет: istockphoto.com

АҚШ-та жұмыссыз қалған бір азамат әлеуметтік желіде жан тебірентерлік оқиғасымен көпшіліктің жүрегін елжіретті. Ол қолына «Маған ақша емес, жұмыс керек» деген жазуы бар қарапайым ғана тақтай ұстап, көшеге шыққан. Бұл сурет желіде кеңінен таралып, нәтижесінде оған 500-ден астам жұмыс ұсынысы түскен. Бұл туралы BBC жазды.

Беймәлім ер адам біраз уақыт бұрын жұмысынан айырылып, қартайған әкесіне күтім жасау үшін барлық мүмкіндігін сарп еткен. Ақырында үйінен де айырылып, фургонға көшіп, сонда өмір сүруге мәжбүр болған. Дегенмен, ол ешкімнен қайыр сұрамаған. Оның жалғыз тілегі – тұрақты жұмыс табу болған.

Көпшілік бұл әрекетті оның еңбекқорлығына, адалдығына, және табандылығына деген құрмет ретінде қабылдады. Әлеуметтік желі қолданушылары оның әрекетінен зор шабыт алғанын айтады.

Бұл жағдай бір маңызды нәрсені байқатты: жұмыс берушілер ең алдымен жұмысқа деген шынайы ынтаны бағалайды. 

Бөлісу: