170 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Көкшетау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімінің бұрынғы басшысы, техникалық қадағалау – «М-Строй Проект» ЖШС және мердігер компания «ПавлодарЭнергоМонтаж» ЖШС басшыларын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталмыш қаражат 2021 жылы Көкшетау қаласындағы ескі әуежайдан бастап Қан орталығына дейін «Набережная» жағажайын салуға бөлінген.
Күдіктілердің әрекеттері аса ірі көлемде жымқыру – талан-таражға салу, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды.
Қазіргі уақытта, қылмыстық іс аяқталу үстінде, соңғы нүктені іс бойынша сот қоятын болады.