Астанаға Хорватия елінің министрі ресми сапармен келді

/
Астанаға Хорватия елінің министрі ресми сапармен келді
СІМ

Хорватия Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радман Астанаға ресми сапармен келді, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Сыртқы істер минситрлігі мәлім етті.

«Сапар аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесу, сондай-ақ Қазақстан-Хорватия бизнес-форумының ашылуына қатысу жоспарланған», - делінген хабарламада.

 Басты назарда – саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту. Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленковичтің Қазақстанға алдағы сапарына және оның Астана халықаралық форумына қатысуына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар тараптар ҚР СІМ басшысы Мұрат Нұртілеудің 2024 жылғы қарашада Загребке жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын егжей-тегжейлі талқылайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары