Ақтөбеде екі адам өмір бойына сотталды

/
Ақтөбеде екі адам өмір бойына сотталды
Polisia.kz

Ақтөбе облысында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта Қылмыстық кодекстің «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» және «Қорқытып алу» баптары бойынша іс қарастырылды.

Айыптауға сәйкес, Қ және К есімді азаматтар бір-біріне туыс болып келеді. Олардың алғашында жеңгелеріне қатысты бопсалау әрекеттерін ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыскерлер WhatsApp мессенджері арқылы нағашы ағаларына жеңгесінің жеке өмірі туралы ақпаратты тарататынын айтып, бұл құпияны сақтау үшін 5 млн теңге талап еткен. Сотта Қ. өзінің нағашы ағасының кәмелет жасына толмаған қызына 2017 жылдан бері сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткенін мойындады. Сонымен қатар, сотталушы К. 2020 жылдан бері осы жасөспірім қызға зорлық көрсеткен. Екі айыпталушы да «Қорқытып алу» бабы бойынша айыптарын мойындаса да, «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша тағылған айыптарды теріске шығарды.

Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, сотталушылар Қ. және К. аталған баптар бойынша айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің жоғары қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Бөлісу: