Қарағандыда 340 млн теңге субсидияны жымқырғандар сотталды

/
Қарағандыда 340 млн теңге субсидияны жымқырғандар сотталды
istockphoto.com

Қарағандыда «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» ұлттық жобасы аясында сүт өнімдерінің бағасын арзандатуға бөлінген 339 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік субсидияларды жымқыру фактісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«DIAS» шаруа қожалығының басшылары жергілікті ветеринар дәрігермен сөз байласып, субсидия алу мақсатында ірі қара мал, сондай-ақ сүт өнімдерін өндіру және сату туралы жалған құжаттар тапсырған.

Алайда, іс жүзінде шаруа қожалығының қарамағында өндірістік қызмет жүргізуге жарамсыз шағын мал шаруашылығы базасы ғана болған. Тиісінше, сүт өнімдері өндірілмеген.

Күдіктілер жымқырылған субсидияның бір бөлігін ет бағытындағы 60 асыл тұқымды бұқа сатып алуға жұмсап, нәтижесінде 9 млн теңге көлемінде субсидия түріндегі қосымша қылмыстық табысқа қол жеткізген.

Сот үкімімен олар «Алаяқтық», «Қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру», «Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту» баптары бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, сот Ауыл шаруашылығы басқармасының 339 млн теңге сомасындағы азаматтық талабы қанағаттандырылды.

 

Бөлісу: