Бұрын-соңды адам көзі көрмеген: «Оло» деп аталатын жаңа түс пайда болды

/
Бұрын-соңды адам көзі көрмеген: «Оло» деп аталатын жаңа түс пайда болды
сурет: istockphoto.com

Ғалымдар бұрын-соңды адам көзі көрмеген мүлде жаңа түсті ашты. Түстің атауы – «оло». Ерекшелігі сол – бұл түсті экран арқылы көрсету мүмкін емес, оны тек көздің тор қабығына арнайы стимуляция жасау арқылы ғана көруге болады.

Ғалымдардың айтуынша, «оло» – көк те емес, жасыл да емес, екеуінің арасы да емес. Бұл түсті сөзбен сипаттау мүмкін емес, себебі ол адам миына беймәлім, бұрын болмаған әсер тудырады. Мидың өзі бұл түсті қай категорияға жатқызарын білмей, «шатасып» қалады.

Қазіргі таңда «оло» түсін көру бақыты әлем бойынша небәрі бес адамға ғана бұйырған.

Бөлісу: