сенбі, 19 сәуір, 2025

35 оқушы мінген автобус аударылып қалды

/
35 оқушы мінген автобус аударылып қалды
Сурет: oxu.az

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Fox News телеарнасының мәліметіне сәйкес Солтүстік Каролина штатының Шарлотт қаласына жақын маңда экскурсиядан қайтып келе жатқан мектеп автобусы Оңтүстік Каролинадағы тас жолда апатқа ұшыраған.

Құтқару қызметтерінің мәліметінше, апатқа себеп болған – автобустың доңғалағы жарылып, соның салдарынан автобус аударылып қалған.

Апат салдарынан бір адам көз жұмды, тағы 21 адам түрлі деңгейдегі жарақат алды. Телеарна мәліметінше, 17 адам жедел жәрдем көліктерімен және тікұшақтармен ауруханаға жеткізілген. Олардың бесеуінің жағдайы өте ауыр.

Автобуста барлығы 38 адам болған, оның 35-і – кәмелетке толмаған мектеп оқушылары. Олар қызықты экскурсиядан үйлеріне қайтып келе жатқан, өкінішке қарай, бұл саяхат қайғылы оқиғамен аяқталды.

Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары