QazaqGaz ұлттық компаниясы қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, соңғы 3 жыл ішінде құны 700 млрд теңге тұратын инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды.
QazaqGaz ұлттық компаниясы елімізді газбен үздіксіз қамтамасыз етіп, газ тасымалдау жүйесінің сенімділігін арттыру жолында жақсы нәтиже көрсетті. Бұл орайда Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысы, солтүстік шығыс аймақтарды газдандыру, «Орта Азия – Орталық» магистральдық газ құбырын күрделі жөндеу, «Талдықорған – Үшарал» газ құбырын салу секілді жобаларды айтуға болады.
Астанада өткен Energy Trends форумында компания басшысы Санжар Жаркешов елімізде газдандыру мәселесі оң шешімін тауып жатқанын айтты. Бүгінде елді газдандыру көлемі 62 пайызға жеткен. Сонымен бірге бұл салада жүйелі геологиялық барлау жұмыстары басталып, алғашқы нәтижелерге қол жеткен. Отандық және шетелдік инвесторлар тартылып, алғашқы газ ағыны тіркелген. Астанада өткен Energy Trends форумында QazaqGaz «ҚазАзотпен» Ақтөбе облысындағы кен орнын игеру бойынша келісімшартқа қол қойды.