сенбі, 19 сәуір, 2025

Алматы әкімінің атынан жалған хабарлама тарап жатыр

/
Алматы әкімінің атынан жалған хабарлама тарап жатыр
istockphoto.com

WhatsApp желісінде Алматы әкімі Ерболат Досаев пен әкімдік қызметкерлерінің атынан жалған хабарламалар тарап жатыр. Осыған байланысты әкімдік үндеу жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бейтаныс адамдар +7 707 342 64 39 нөмірінен, сондай-ақ, басқа да нөмірлерден хабарлама жіберіп, қоңырау шалып жатыр. Алматы қаласы әкімдігі мұндай сипаттағы хабарламаларды таратпайды. Мұндай хабарламалар мен бейтаныс тұлғалардан келетін қоңыраулар – алаяқтық әрекеттер», - деп жазылған хабарламада.

Әкімдік азаматтарға маңызды кеңес берді:

  • мұндай хабарламаларға жауап бермеңіздер;
  • күмәнді сілтемелерді ашпаңыздар;
  • жеке деректеріңізді таратпаңыздар.

«Сақ болыңыздар, тек ресми ақпаратқа сеніңіздер! Егер осындай хабарлама алсаңыздар, құқық қорғау органдарына хабарласыңыздар», - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары