Ресейдегі SuperJob жұмыс іздеу сервисі қызметкерлерді сынау жұмысқа деген құлшынысты арттырудың тиімсіз тәсілі екенін анықтады. Зерттеуге еліміздің әр өңірінен 3 000-нан астам жұмыс істейтін, басшылыққа бағынышты экономикалық белсенді азамат қатысқан.
Сауалнама нәтижесінде, қызметкерлердің тек 3%-ы ғана сыннан кейін жақсырақ жұмыс істей бастайтынын, ал 45%-ының еңбек өнімділігі төмендейтінін көрсетті. Қалған 43% үшін басшылықтың сыны еш өзгеріс әкелмейді.
Бүгінгі күні әр төртінші ресейлік (24%) басшылықтан ешқашан қабақ шыту көрмегенін айтса, 17% қызметкер күн сайын эмоционалдық қысымға тап болатынын мәлімдеген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа артқан. Тағы 12% аптасына бірнеше рет, 14% айына бірнеше рет жағымсыз реакцияға ұшырайды, ал 11% жылына бірнеше рет қана сын естиді.
Жасы 45-тен асқан қызметкерлер күнделікті сынға жиі тап болады (18%), ал 35 жасқа дейінгілердің арасында бұл көрсеткіш 12%-ды құрайды. Ең төмен жалақы алатын қызметкерлер (50 мың рубльге дейін) ең осал топқа жатады: олардың 31%-ы басшылар жиі көңіл-күйін бұзатынын мойындаған.
Ерлердің 27%-ы ешқашан басшылықтан теріс пікір естімегенін айтса, бұл көрсеткіш әйелдер арасында 22%-ды құрайды. Жас қызметкерлер (35 жасқа дейінгілер) сынды ересектерге қарағанда сирек сезінеді (26%). Ал айлығы 100 мың рубльден асатын адамдар сынға аз ұшырайды (30%).
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, сын арқылы мотивация беру – күмәнді тәсіл. Көп жағдайда қызметкерлердің күйзеліске ұшырауына, сенімділіктің төмендеуіне және өнімділіктің құлдырауына алып келеді.