сенбі, 19 сәуір, 2025

Атырау облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

/
atpress.kz

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол сақшылары тәулік бойы қызмет атқарып, үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Дегенмен, жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылуы салдарынан тас жолдарда жол-көлік оқиғалары азаймай отыр, деп хабарлады turkystan.kz сайты.

Өкінішке орай, тек бір күннің өзінде орын алған бірнеше жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам көз жұмып отыр.

«Таңғы сағат 05:45 шамасында Toyota Camry маркалы көлігі аударылып, 3 адам қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Сол күні сағат 15:30 шамасында Сағыз ауылында жасөспірім мотокөлікпен бағанаға соғылып, ауыр жарақат алды. Ол ауруханада көз жұмды.

Ал сағат 16:40 шамасында Доссор-Құлсары тас жолының 93-шақырымында жүк және ВАЗ-2115 көліктері соқтығысып, 1 адам оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады полиция департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары