сәрсенбі, 16 сәуір, 2025

Жүгіңізді жоғалтып алмау үшін не істеу керек?

/
сурет: istockphoto.com

2024 жылы әлем бойынша 36 миллионнан астам жүк сөмкесі жоғалған, бүлінген немесе иесінен "адасып кеткен". Саяхатқа шыққанда, жол жүргенде жүгіңді жоғалтып алу жақсы нәрсе емес. Әсіресе, ішінде бағалынемесе аса қажет заттар болса, жоспарыңыз бен көңіл күйіңіздің күл талқаны шығатыны анық. Қолайсыз жағдайға тап болмау үшін не істеу керек?

1. Жолжүгіңізді жүк ретінде өткізбей, өзіңізбен алып жүруге тырысыңыз

Ішінде бағалы заттары бар жолжүкті жоғалтып алмаудың ең тиімді жолы – оны мүлде тіркемей, өзіңізбен алып жүру. Көптеген әуе компаниялары ауыр қол жүгін алып кіруге рұқсат береді, сондықтан тек ең қажетті заттарды алып, жеңіл жол жүруге тырысыңыз.

2. Көп кездесе бермейтін сөмке таңдаңыз немесе ерекшелік қосыңыз

Сөмкеңізді басқа жүз қара сөмкеден оңай ажыратуға көмектесетін тәсілдерді қолданыңыз: ашық түсті бау, түрлі-түсті таспа, ерекше стикерлер – бәрі де бірден көзге түсуге сеп.

3. AirTag немесе соған ұқсас қадағалау құрылғыларын қолданыңыз

Apple компаниясының AirTag құрылғысы көптеген жолаушылар үшін жүкті бақылаудың сенімді шешіміне айналды. Bluetooth арқылы ‘Find My’ жүйесінде жұмыс істейтін құрылғы GPS-тен де тиімді болып, сөмкеңіздің қайда екенін нақты көрсетіп бере алады.

4. Сөмкеңіз жоғалса, дереу хабарлаңыз

Егер жүктен айрылып қалсаңыз, бірден әуежайдағы қызметкерге хабар беріңіз. Сізден PIR (Property Irregularity Report) толтыруды сұрайды, бұл – іздеу процесін бастау үшін қажет бірегей тіркеу нөмірін береді.

5. Жоғалған заттар қайда кетеді?

Әуе компаниялары бірнеше ай бойы шабаданның иесін іздейді. Егер осы уақыт ішінде сөмкені ешкім іздеп келмесе, әуекомпанияның өз ішкі ережесіне байланысты сатылымға қойылады, қайырымдылыққа беріледі немесе қайта өңделеді.

Бөлісу: