Таразда жүргізуші куәлігі жоқ азамат «Mercedes-Benz CLS 55» көлігіне мініп, қала көшелерінің бірінде қызыл түске өтіп кетіп, басқа азаматтың көлігіне соғылған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сотта ол өз кінәсін толықтай мойындап, жәбірленушіге келтірген шығынды өз еркімен өтеп бергенін жеткізген.
Сот оның жол ережесін бірінші рет бұзып тұрғанын, кінәсін мойындағанын ескеріп, айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты. Сөйтіп оған 165 мың теңге әкімшілік айыппұл салды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.