бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Павлодар тұрғыны автокөлігі үшін сақтандыру компаниясынан 13 млн теңге өндіріп алды

/
istockphoto.com

2023 жылы Павлодар қаласының тұрғыны «TI» бағдарламасы бойынша сақтандыру компаниясымен көлік құралын ерікті сақтандыру шартын жасаған. Оның «Тойота» автокөлігіне сақтандыру полисі рәсімделген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бір айдан кейін ер адам жол-көлік оқиғасына түсіп, сақтандыру жағдайы туралы сақтандыру компаниясына арыз жолдаған.

Сақтандыру компаниясы жеке кәсіпкердің қорытындысына сүйене отырып, сақтандыру жағдайы жалған екенін көрсетіп, оған сақтандыру төлемін төлеуден бас тартқан.

Ер адам сотқа жүгініп, сақтандыру компаниясының бас тартуын заңсыз деп тануды және 13 млн теңгеден астам сақтандыру төлемдерін өндіруді сұраған.

Бірінші сатыдағы сот тараптардың жол-көлік оқиғасының мән-жайына қатысты қарама-қайшы ұстанымдарын ескере отырып, сот-іздестіру сараптамасын тағайындаған, оның қорытындысынан автокөлікке келтірілген залал осы жол-көлік апатының нәтижесінде алынуы мүмкін екендігі анықталған.

Осыған байланысты талап қою толық көлемде қанағаттандырылған. Сақтандыру компаниясы бұл шешімге апелляциялық сотқа шағым түсірген.

Павлодар облыстық соты істі зерттей келе, сот сараптаманың қорытындысы іс материалдарына, әкімшілік іске және куәлердің айғақтарына сәйкес келетінін анықтады.

Талап қоюшының автокөлігі полиция қызметкерлерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орнынан уақытша ұстау изоляторына жеткізілген, бұл расталды.

Сақтандыру компаниясы сақтандыру талабын бұрмалау туралы өз дәлелдерін растайтын дәлелдемелерді ұсынған жоқ.

Апелляция бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бөлісу: