сәрсенбі, 16 сәуір, 2025

Әлем чемпионы Аида Әбікеева сыйлыққа көлік алды

/

Бокстан әлем чемпионы атанған Аида Әбікееваға Қарағанды облыстық Бокс федерациясы автокөлік мінгізді. Бұл туралы өңірдегі федерация мәлімдеді.

«Қарағанды облысының бокс федерациясы атынан Камалутин Халиков әлем чемпионы Аида Әбікееваға тамаша сыйлық – жаңа автокөлік табыстады. Бұл – оның ерен еңбегі, жігері мен табандылығы үшін лайықты марапат. Аиданың бұл жетістігіне шын жүректен қуанып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты танытып жүрген дарынды спортшымызбен мақтанамыз. Бұл жеңіс – үлкен жолдың бастауы ғана болсын, алдағы мақсат – Олимпиада алтыны болғай!», - деп жазылған хабарламада. 

Бөлісу: