Астанада ер адамның мәйіті табылды

/
Астанада ер адамның мәйіті табылды
Polisia.kz

Мерт болған жанның жеке басы анықталып жатыр. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«102» арнасына жергілікті учаскелердің бірінің маңында ер адамның мүрдесі туралы хабарлама түскен.

— Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері белгісіз ер адамның мәйітін тапты. Қазір марқұмның жеке басын анықтауға және оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары