Астрахан – Маңғышлақ су құбырын жөндеу кезінде 6,4 млрд теңге ұрланған

/
Астрахан – Маңғышлақ су құбырын жөндеу кезінде 6,4 млрд теңге ұрланған
istockphoto.com

«Астрахан – Маңғышлақ» су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеуі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«КазТрансОйл» АҚ-ның еншілес компаниясы - «Магистральдық Суағызғысы» квазимемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры, оның орынбасары, мердігер компанияның өкілдері және жобалау ұйымының құрылтайшысы ақша жымқырған жымқырған деген күдікке ілінген.

Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде күдіктілердің 1,1 млрд теңге мөлшеріндегі мүлкі анықталып, сот санкциясымен тыйым салынған.

Қылмыстық іс сотқа жіберіледі.    

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары