Жаңа Салық кодексі: халықтың қалтасына салмақ түспейді

/
Жаңа Салық кодексі: халықтың қалтасына салмақ түспейді
сурет: istockphoto.com

9 сәуірде өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа Салық кодексінің жобасын талқылап, бірінші оқылымда мақұлдады. Жобаға сүйенсек, қосылған құн салығы 16 пайыз, ал шегі 40 млн теңге деп бекітілмек. Дегенмен бірқатар салаға жеңілдік қарастырылып отыр.

Банк және ойын секторының салығы өседі

Банк операцияларына да ҚҚС са­лы­на­­тын болады. Олардың бағасының өсуіне жол бермеу үшін Бәсекелестікті қор­ғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп қазіргі баға­лардың дұрыстығына талдау жүргізеді. Ар­наулы салық режимі бойынша рұқсат етіл­ген тізім емес, тыйым салынған тізім ен­гізіледі, яғни тыйым салынбағанның бар­лығына рұқсат етіледі.
Жоба бойынша жұмыс тобының же­тек­шісі Берік Бейсенғалиев қосымша баян­да­ма­сында ауыл шаруашылығы тауарын өн­діру­шілер үшін «минус 70 пайыз» жәр­де­ма­қы, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі үшін 20 пайыз­дық корпоративті табыс салығы стан­дартты мөлшерлемесі сақталатынын айтты.
Сонымен қатар салық мөлшерлемелерін са­ралау ұсынылады. Корпоративті табыс са­лығының базалық мөлшерлемесі 20 пайыз деңгейінде қалады, бірақ депу­тат­тар­дың бастамасымен банк және ойын сек­торы үшін 25 пайыз жоғарылатылған мөл­шерлеме белгіленеді. Қаржы лизингі, сон­дай-ақ білім мен медицинаға кор­по­ра­тив­ті табыс салығы мөлшерлемесін біртін­деп 10 пайызға дейін өсіру ұсынылып отыр. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бұл көрсеткіш 3 пайыз деңгейінде қа­лады.
Сондай-ақ заң жобасын әзірлеушілер ар­наулы салық режимдерін реформалады. Қа­зір қолданыстағы жеті реформаның үшеуі қалады. Ол – өзін-өзі жұмыспен қам­тығандар үшін жаңа жеңілдікті режим, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі және оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты болады. Бұл ретте жылдық кіріс шегі қазіргідей – 600 мың АЕК (2,36 млрд теңге) сақталып отыр. Вице-премьер Үкімет режимді тек белгілі бір қызмет түрлеріне қолдануды ұсынғанын және басты шарт – тек B2C операциялары болатынын айтты.

Сән-салтанатқа салық салынады

Жеке тұлғаларға салық салу бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылмақ. 
Серік Жұманғариннің айтуынша, са­лық­тық реформа аясында кейбір тауар са­наттары үшін салық мөлшерлемесін өсіру ұсынылуда, бұл бастама «сән-салтанат салығы» деп аталып отыр. Осылайша, құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік нысандарына мүлік салығының мөлшерлемесін арттыру көзделіп отыр. Бұ­ған қоса, құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автокөліктерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізу жоспарда бар.
Салық жүйесін трансформациялауға ба­ғытталған түзетулер пакеті де Мәжілістің қарауына ұсынылды. Маңызды бастаманың бірі – жеке табыс салығының прогрессивті мөл­шерлемесін енгізу. Сондай-ақ квази­мем­лекеттік сектор субъектілері шығарған баға­лы қағаздар бойынша кірістерге салық салу ұсынылады. Басқа стандарттар да қа­рас­тырылған. Осылайша, жыл сайын бюд­жет­ке қосымша 4-5 триллион теңге салық түсе­ді деп жоспарланған. Оның Ұлттық қор­ға тәуелділігі төмендейді. Ұсынылған салық реформасы өз кірістерін жасыратын адал емес салық төлеушілерге, сондай-ақ салық салуды барынша әділетті етуге ба­ғыт­талған.

Қарапайым халықтың қалтасына салмақ түспейді

Талқылау қорытындысы бойынша Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов депутат­тар Үкіметпен бірге жұмыс істеп, қызу пікірталастардан кейін бірқатар мәселе бойынша ортақ шешімге келгенін айтты.

– Салық – өте өзекті сала. Себебі әр қа­зақ­стандық азамат, әр отбасы, әр қазақ­стан­дық кәсіпкер бүгінгі біздің қабылдаған шешімімізді тікелей сезінетін болады. Сондықтан Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламентке әділ, тиімді әрі болжамды са­лық жүйесін құруды тапсырды. Бір сөз­бен айтқанда, қарапайым халықтың қал­тасына салмақ түспейді. Жаңа салық сая­са­тының көздегені де – осы, – деді Мәжіліс Төрағасы.

Мәжіліс Төрағасы екінші оқылымға дейін әлеуметтік мәселелерге ерекше назар аударылатынын да атап өтті.

– Әрине, әлі де шұғыл шешімді қажет ете­­тін көптеген мәселе бар. Әсіресе, әлеу­мет­­тік саладағы мәселелер бойынша бүгін ашық айтылды. Оларды екінші оқылымға дейін Үкіметпен бірге Жұмыс тобында қа­рас­­тыратын боламыз, – деді Ерлан Қошанов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары