жұма, 18 сәуір, 2025

Павлодар облысында күзет ұйымының директорына шабуыл жасалған (ВИДЕО)

/
Polisia.kz

Павлодар облысында күзет ұйымының директорына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктелер ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде  Екібастұз қаласында өңірдің ірі күзет ұйымдарының бірінің директорына қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктілерді анықтап, ұстады.

«Күдіктілер пәтерге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 11 млн теңгеден астам мүлікті иемденгені анықталды. Тінту жүргізу барысында заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі уақытта одан әрі жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер УҚИ-ге қамалды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда», – деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары