2025 жылғы 11 сәуір сағат 08:30-де су тасқыны кезінде пайда болған ақауларды жою үшін келесі республикалық автожолдарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды:
Солтүстік Қазақстан облысы:
- "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 729-768 шақырым аралығындағы учаскесі (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін).
Қостанай облысы:
- "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 686-729 шақырым аралығындағы учаскесі (Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін).
Балама жолдар: KZ15-08 «Тимирязево-Сарыкөл облыс шекарасы», KZ15-05«Волошинка-Сергеевка-Тимирязево», KАZ18 «Мамлютка – Костанай».
Жолды 2025 жылғы 12 сәуір сағат 12:00-де ашу жоспарланған.