Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBO, WBF, WIBF, WBC атақтарының иегері Ангелина Лукас абсолютті чемпион атағы үшін рингке шығатынын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Ангелина Лукас Instagram желісінде видео жариялап, қазіргі уақытта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын қорғауға дайындалып жатқанын айтты. Боксшы абсолютті чемпион атағы үшін міндетті үміткер болғанын қуана жеткізді.
«Биыл абсолютті әлем чемпионы атағы үшін Габриэла Фундораға қарсы жекпе-жекке шығамын. Келіссөздер басталды. Мен ресми түрде абсолютті чемпиондыққа міндетті үміткермін! Бірақ алдымен, 1 маусым — Балаларды қорғау күнінде туған қалам Таразда IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағымды қорғаймын. Қарсыласым — Мексикадан немесе АҚШ-тан. Бұл жекпе-жек өте қызу өтеді», — деп жазды видео сипаттамасында Ангелина Лукас.