Бүгін сағат 14:20-да Алматы облысы Талғар ауданында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты соттың бүгінгі процессі аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Істі судья Ержан Жанұзақов қарайтыны белгілі болды. Сот ашық әрі онлайн өтті. Келесі сот отырысы 17-18 сәуір күні сағат 10:00-де онлайн өтеді.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан көруге болады.