жұма, 18 сәуір, 2025

Қарағандыда жанармай ұрлаған машинистер сотталды

/
pixabay.com

Қарағанды аудандық соты Қарағанды пайдалану локомотив депосының тепловоздарынан дизель жанар-жағар майын ұрлап, кейін оны қайта сатқан 11 адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2024 жылдың мамыр айынан маусым айы аралығында қылмыскерлер алдын-ала сөз байласу арқылы, қызметтік жағдайларын пайдалана отырып, заңсыз әрекет жасаған.

Олар жол жүру барысында 22,5 тоннадан астам дизель отынын ұрлап, 7 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Сот оларды кінәлі деп танып, бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары