жұма, 18 сәуір, 2025

Зең инфекциялары жазылмайтын дертке айналып барады – ДДСҰ дабыл қақты

/
сурет: istockphoto.com

Зең инфекцияларының кей түрінен болатын өлім-жітім көрсеткіші 88 пайызға дейін барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ғалымдар бұл инфекциялардың күрт өршуін қауіпті дабыл ретінде қабылдап, шұғыл шаралар қабылдауға шақырып отыр.

Кейінгі10 жылда микозға (зең тудыратын аурулар) қарсы небәрі 4 жаңа дәрі жасалған. Алайда кейбір жағдайларда олардың өзі де тиімділігін жоғалтып жатыр. Бұған себеп – зеңдердің төзімділігі артып, бұрынғыдай емге көнбейтін сипатқа ие болуы.

Сарапшылардың айтуынша, 20 жылдың ішінде белгілі зең инфекцияларының саны 750 түрге дейін көбейген. Бұл – медициналық қауымдастық үшін үлкен қауіп.

Ғалымдар жаңа антимикотиктер (зеңге қарсы препараттар) әзірлеуге инвестицияны арттыруды талап етіп отыр. Қазіргі таңда зең инфекциялары онкологиялық немесе аутоиммунды аурулармен ауыратын адамдар үшін ерекше қауіпті болып отыр, себебі олардың иммунитеті әлсіз.

ДДҰ бұл жағдайды жаһандық денсаулыққа төнген қатер ретінде бағалап, әлем елдерін ғылыми зерттеулер мен дәрі-дәрмек өндірісіне қаржы құюға үндеп отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары