бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Түркістан облысында түнде қорадан қой ұрлаған жас жігіт ұсталды

/
polisia.kz

Полиция Арыс ауданында бірнеше рет мал ұрлаған 22 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол түнде ауыл тұрғынының қорасына түсіп, екі қой мен бір қозыны көлігіне тиеп әкеткен. Кейін оларды сатып, ақшасын қажетіне жұмсаған.

Полиция күдіктінің бұдан басқа да үш мал ұрлығына қатысы барын анықтады.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі жарты миллион теңгеге жуық.

Қазіргі таңда күдікті қамауда, іс сотқа жолданды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары