бейсенбі, 17 сәуір, 2025

Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында автокөліктен 34 келі гашиш тәркіленді

/
polisia.kz

Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды turkystan.kz.

– Жамбыл облысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында автокөлік тоқтатылды. Онда екі азамат болған. Қызметтік иттің көмегімен көлікті тексеру барысында есік жақтауларында және багаж бөлігінде гашиш салынған 35 орам табылды. Оның жалпы салмағы 34 кг құрайды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары