дүйсенбі, 7 сәуір, 2025

Жетісуда жасөспірім 86 жастағы зейнеткерді сабаған

/
pixabay.com

Талдықорған маңындағы Өтенай ауылында жасөспірім 86 жастағы ақсақалды көшенің ортасында сабаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бозбала 8 сыныпта оқитын қызға қырындаған. Қызға туысқан болып келетін қария оны қорғауға көшкен. Соған ашуланған жасөспірім қарияны соққыға жыққан.

Ақсақалдың беті жарақаттанған.

taldykorganec.insta паблигінің жазуынша оқиға 6 сәуір күні түсте болған. Бірақ жәбірленушіні әлі полицияға шақыртпаған, сот-медициналық сараптамасы тағайындалмаған. Ал жұдырық жұмсаған жасөспірім бокспен айналысады.

 

Бөлісу: