жұма, 11 сәуір, 2025

Биыл елімізде 175 мың тұрғын үй салынады

Сонымен бірге әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар үшін әкімдіктер арқылы 20 мыңнан астам пәтер са­тып алынды.

Өткен жылдың қараша айында Мемлекет басшысы «Тұрғын үй заңнамасын ре­формалау туралы» заңға қол қойды.

Ол ел азаматтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету­ге, мемлекеттік қолдау көрсету ісіне зор серпін беретін құжат болды. Осы заң не­гізінде жалға берілетін мемлекеттік тұрғын үйлерде тұратын 71 мыңдай азаматқа пә­терлерін жекешелендіруге рұқсат етілді. Жалдамалы тұрғын үй иелерінің көпшілігі ҰОС ардагерлері, мүгедектігі бар азаматтар, көп балалы отбасылар, жетім балалар жә­не т.б. халықтың әлеуметтік осал топтары саналады. Сонымен бірге әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар үшін әкімдіктер арқылы 20 мыңнан астам пәтер са­тып алынды. Мұның ішінде 13 мыңдай отбасы жеке баспананың иесі болды. 
 

Бөлісу: