Алакөлге бардың ба?

Алакөлге бардың ба?

Еліміздің інжу-маржанына айналған Алакөл шетелдік туристердің қызығу­шы­лы­ғына ие екенін және жыл сайын онда де­малатын отандастарымыздың санының ар­тып отырғанын ескерсек, Алакөлдің инф­рақұрылымы мен қызмет көрсету са­пасын жақсарту стратегиялық маңызды қа­дамның бірі болуға тиіс. 

Елімізде жыл сайын екі миллионға жуық турист Алакөлді таңдайды.  Аймақтың ең танымал туристік бағыттардың біріне айналуына судың емдік қасиеті тікелей әсер етеді. Өйткені көл суы минералды ресурстарға, йод, тұзбен қатар, Менделеев кестесіндегі химиялық элементтерге бай. Көлдің адам ағзасына пайдалы екенін медицина мамандары да дәлелдеген. Судың құрамындағы минералдар тыныс алу мүшелеріне, сүйек-бұлшық ет және жүйке жүйесі аурулары мен тері ауруларына мың шипа. Мамандар судың құрамы Қара теңіз бен Өлі теңізге ұқсайды дейді.

Бүгінде Көктұма мен Ақши аймағында 300-ден астам демалыс орны туристерге мау­­сым сайын өз қызметтерін ұсынып ке­леді. Алакөлге жыл сайын барып де­ма­латындардың бірі –  Айнұр Үсіпжанова. 
– Біз жыл сайын отбасымызбен Ала­көл­ге барамыз. Бұрын балалар кішкентай кез­де пойызбен барсақ, қазір көлігімізбен жол тартамыз. Осы дәстүрді әдетке айнал­дыр­ғанымызға 7-8 жылдың шамасы болды әрі жыл сайын тек бір ғана пансионатқа ор­наласамыз. Соңғы жылдары көлге келу­шілер саны тіптен артқан. Мәселен, Ресей, Қытайдан келген туристерді жиі көресіз. Маған ең ұнайтыны – көлге таңертең ерте бару. Мүлгіген тыныштық, саф ауа, жағаға ұрған толқынмен жарысқан шағаланың көл бетінде қалықтауы ерекше көрініс. Бір сәт қым-қуыт тіршілікті ұмы­тып, дема­лыстың нағыз рахатын сезініп қай­тасыз. Түнімен тыныққан суға шомыл­саңыз, күні бойы сергек жүресіз. Алакөл суы адамды тез сергітіп, ширатып жібереді. Ал суының түсі уақытқа байланысты ауы­сып отырады. Көл таңертең күн шуағымен нәзік көгілдір түске боялса, кешке қарай көк түске айна­ла­­ды. Ал егер жел тұрып, дауыл соқса, Ала­көлдің суы ластанып, қара түске боя­лып шыға келеді. Одан бөлек, Ала­көл – малтатас және қиыршық таспен тегіс­телген қара жағажайы бар әлемдегі жал­ғыз көл екен. Сондықтан шипалы суы­нан бөлек, осын­дай әдемі көрінісі үшін де жыл сайын баруға тұрарлық, – дейді Айнұр. 
Радикулит, артрит, тері ауруларына ши­па іздеп келген талай жұрттың теңіз суы­ның арқасында жазылғанын естіп те, кө­ріп те жүрміз. 
– Құрамында радон, сілті және басқа да пайдалы элементтері бар судың емдік қа­сиеттері тері ауруларын, тірек-қимыл ап­паратымен байланысты ауруларды ем­деуге ықпал етеді, жүйке жүйесін және ағ­за­ның жалпы жағдайын жақсартады, – дейді Алматы облыстық Туризм басқар­ма­с­ының басшысы Жанар Алшымбаева.
Алайда Алакөлде демалушылардың ай­тары да бар. Біріншісі – жол қиындығы, билет табылмауы, екіншіден жағалаудағы қауіпсіздік мәселесі. 
– Отандық туризмді қолдап жыл сайын Алакөлге барғанымызбен, кей мәсе­лелерді көргенде көңіліміз түсіп қалатыны жа­сырын емес. Тәртіп сақшылары, турис­тік полиция, құтқарушылары, медицина қыз­меткерлері сынды мамандар тапшы еке­ні байқалады. Ақшидегі шағын амбу­латориялық пункт мыңдаған туристің сұра­нысын қанағаттандыра алмасы анық. Алайда мұндай өзекті мәселелер шешімін табады деп үміттенеміз,  – дейді Айнұр Үсіпжанова. 
Еліміздің інжу-маржанына айналған Алакөл шетелдік туристердің қызығу­шы­лы­ғына ие екенін және жыл сайын онда де­малатын отандастарымыздың санының ар­тып отырғанын ескерсек, Алакөлдің инф­рақұрылымы мен қызмет көрсету са­пасын жақсарту стратегиялық маңызды қа­дамның бірі болуға тиіс. 

А.БИМЕНДИЕВА

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары