бейсенбі, 3 сәуір, 2025

Лионель Мессидің оққағарына алаңға жүгіріп шығуға тыйым салынды

/
www.sovsport.ru

Америкалық MLS лигасы Лионель Мессидің қорғаушысы Яссин Чеукоға футбол матчтары кезінде алаңға шығуға тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады turkystan.kz.

Bolavip басылымының дереккөзіне сенсек, мұндай шектеу әр стадионда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күзет қызметінің болуына байланысты енгізілген. Бұған дейін Мессидің оққағары бірнеше рет жанкүйерлер алаңға жүгіріп шығып, сүйікті ойыншысымен суретке түспек болған сәттерде назарға іліккен.

«Маған енді алаңға шығуға рұқсат жоқ. Мен Еуропада жеті жыл жұмыс істедім – Ligue 1 мен Чемпиондар лигасында. Сол уақыт ішінде алаңға небәрі алты адам ғана шыққан еді. Ал АҚШ-қа келгеніме 20 ай болса да, 16 әрекет жасалды. Бұл жерде үлкен мәселе бар. Мен мәселе емеспін – маған Леоға көмектесуге мүмкіндік беріңіздер. Мен MLS-ті жақсы көремін, бірақ біз бірге жұмыс істеуіміз керек. Мен көмектескенді ұнатамын. Мен ешкімнен артық емеспін, бірақ менде Еуропадағы тәжірибе бар. Дегенмен, лиганың шешімін түсінемін» – деді Чеуко басылымға берген сұхбатында.

Айта кетейік, Чеуко – Ирак пен Ауғанстандағы соғысқа қатысқан АҚШ армиясының бұрынғы арнайы жасағының сарбазы. Ол жекпе-жек өнерін меңгерген және бірнеше ММА жекпе-жектеріне қатысқан.

 

Бөлісу: