Байзақ ауданының прокуратурасы жергілікті кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Салық органдары кәсіпкерлерді кірістерін негізсіз төмен көрсеткен деп айыптап, олардың келісімінсіз хронометраждық тексерулер жүргізген.
Мысалы, 2024 жылы Мемлекеттік кірістер басқармасы бір жеке кәсіпкердің қызметіне тексеру жүргізіп, нәтижесінде кәсіпкер салық есептілігінде табысын 9,7 млн теңгеге арттыруы тиіс деген шешім шығарған.
Алайда құжаттарды мұқият зерделеу барысында кәсіпкер тарапынан ешқандай заңбұзушылық анықталмаған.
Айта кету керек, мұндай алдын ала шешімдер қабылдау салық заңнамасында көзделмеген.
Осыған ұқсас тағы 7 кәсіпкерге қатысты да заңсыз шешімдер қабылданғаны белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде барлық алдын-ала шешімдер мен салықтық тексеру күшін жойды.
Заңсыз тексеру жүргізгені үшін Мемлекеттік кірістер басқармасы бөлім басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал басқа кінәлі тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.
Осылайша, прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкерлерді заңсыз хранометраждық тексеру тәжірибесі тоқтатылды.