Ер адам оқушы қыздың ар-намысына қол сұққан, деп хабарлады turkystan.kz сайты Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы полиция департаментінде 14 жастағы жасөспірімді зорлау фактісін тергеп жатыр. Полицейлер жасөспірімнің өгей әкесі зорлады деп күдіктеніп отыр.
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеуі ерекше бақылауға алынған.