сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Ертіс өзені маңында ағаштарды заңсыз кескен 5 тұрғын ұсталды

/
Polisia.kz

Павлодар облысының тәртіп сақшылары Ертіс өзені маңында ағаштарды заңсыз кескен Ақсу қаласының бес тұрғынын ұстады, деп хабарлады turkystan.kz.

– Орман ресурстарын қорғау заңнамасын өрескел бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Заңсыз ағаш кесу – қоршаған ортаға орасан зор залал келтіретін ауыр құқық бұзушылық. Бұл әрекеттер аймақтың экожүйесіне елеулі зиян тигізеді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайларын анықтап, заңсыз кәсіпке қатысы бар өзге тұлғаларды анықтау және олардың жолын кесу бағытында жұмыстарды жалғастыруда.

Полиция азаматтарды табиғатты қорғауға белсенді атсалысып, заңсыз ағаш кесу және басқа да экологиялық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырады. Орман ресурстарын сақтау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз.

Бөлісу: