Ақмола облысында мемлекеттік мекеменің бухгалтері 240 млн теңге ұрлаған

/
Ақмола облысында мемлекеттік мекеменің бухгалтері 240 млн теңге ұрлаған
pixabay.com

Жарқайың ауданында мемлекеттік мекеменің бұрынғы бас бухгалтері өзінің лауазымдық жағдайын пайдаланып, аса ірі мөлшерде ақша ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарқайың аудандық сотының үкімімен ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді. Сондай-ақ коммерциялық және басқа ұйымдарда 7 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Сонымен қатар, сот азаматтық талапты қанағаттандырды: сотталғаннан кәсіпорынның пайдасына келтірілген залал 240 млн теңгеден астам өндірілді.

Прокуратура жасаған қылмыстары үшін жазаның сөзсіздігін қамтамасыз ете отырып, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары