сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Шымкентте 1 600-ден астам адам жауапқа тартылды

/
polisia.kz

Шымкентте ортақ пайдалану орындарын ластаған 1600-ден астам тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қаланы таза ұстау - санитарлық талаптар ғана емес, сонымен қатар мәдениеттің белгісі.

Аталған бағытта полицейлер жалпыға ортақ пайдаланылатын орындардың ластануына байланысты құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ұдайы түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді. Тәртіп сақшылары белгіленбеген жерлерде қоқыс тастау жайттарын жедел басқару орталығының камераларының көмегімен де анықтайды.

Жыл басынан бері Шымкентте аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін 1 638 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау заңнамаға сәйкес айыппұл салуға алып келеді.

Полиция мегаполис тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

Бөлісу: