Майкрософт компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің айтуынша, жасанды интеллект (ЖИ) көптеген мамандықты алмастырады, ал адамдар жұмыс істей алатын тек үш сала қалады.
Майкрософт компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің айтуынша, жасанды интеллект (ЖИ) көптеген мамандықты алмастырады, ал адамдар жұмыс істей алатын тек үш сала қалады: IT, биология және энергетика.
Гейтстің болжамы бойынша, IT мамандар ЖИ-дің бақылаудан шықпауын қамтамасыз етеді, биологтар оның ғылыми жаңалықтарын тексереді, ал энергетика әзірге алгоритмдерге аса күрделі сала болып қалып отыр.
Қалған мамандықтардың көбі жойылады. Алайда, жұмыссыз қалғандарға алаңдаудың қажеті жоқ: технологиялар дамыған сайын жұмыс уақыты да қысқарады. Гейтс болашақта адамдарға тек 2–3 күн жұмыс істеп, қалған уақыттарын демалысқа арнайтынын айтады.