Павлодар облыстық полиция департаменті күдіктінің қамауға алынғанын растады
Павлодар облысында полиция ауыл тұрғындарының бірін ұстады. Оны өгей қызын зорлады деген күдікпен тергеп жатыр.
Tengrinews.kz мәліметінше, 14 жастағы оқушы қыз өзіне жасалған зорлық-зомбылық туралы мектеп психологына айтып берген.
Павлодар облыстық полиция департаменті күдіктінің қамауға алынғанын растады.
“Зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу ерекше бақылауда”, – деп хабарлады полициядан.