сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Ақтөбеде 120-дан астам шетелдікті заңсыз тіркеген ер адамға сот үкімі шықты

/
istockphoto.com
ҰҚК заңсыз рәсімделген барлық құжаттардың күші жойылғанын атап өтті

Ақтөбеде 120-дан астам шетелдік азаматты заңсыз тіркеуге көмектескен ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

ҰҚК мәліметінше, Ақтөбе облысында заңсыз көші-қон арнасы әшкереленген. Жергілікті тұрғын ұйымдастырған схема бойынша шетел азаматтары Қазақстанда заңсыз түрде тіркеліп, жалған жұмысқа орналасу және мекенжайға тіркелу арқылы елде қалуға мүмкіндік алған.

«2025 жылғы 20 наурызда Ақтөбе қалалық сотының шешімімен заңсыз көші-қонды ұйымдастырған азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабының 1-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді», – делінген ресми хабарламада.

ҰҚК заңсыз рәсімделген барлық құжаттардың күші жойылғанын атап өтті.

Бөлісу: