Полицияның мәліметінше, тергеу ісі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында
Әлеуметтік желілерде 29 наурызға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы, Есіқ қаласында мешіт маңында жас жігіттің өлтірілгені туралы ақпарат тарады. Полиция бұл мәліметті растады.
Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті тұлға анықталды.
“Күдіктіні ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп, барлық қатысушылар мен куәгерлерден жауап алынуда. Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция алдын ала тергеуді бастады,” – деп хабарлады ведомство.
Полицияның мәліметінше, тергеу ісі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.