дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Астанада «LC Waikiki» дүкенінен киім ұрлаған әйел сотталды

/
pixabay.com
Ол 43 мың теңгенің затын ұрлаған.

Мазмұны

    Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ұрлық жасады деп айыпталған әйелге қатысты үкім шығарды, деп жазады turkystan.kz.

    Сотталушы әйел сауда үйінде орналасқан «LC Waikiki» бутигінен әйелдер киімін жасырын түрде ұрлап, нәтижесінде жәбірленушіге 43 084 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген.

    Сотта ол өз кінәсін мойындап, өзіне ең төменгі жаза тағайындауды сұрады.

    Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

    Бөлісу: