Күдіктінің кім екені анықталды. Марқұмдардың артында кәмелетке толмаған екі бала қалды.
Мазмұны
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында қаскөй ерлі-зайыптыны пышақпен өлтіріп кеткен, деп хабарлады turkystan.kz сайты kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаладағы пәтерлердің бірінде екі адамның мәйіті табылған.
Белгілі болғандай, әйелі мен күйеуін өз үйлерінде пышақтап, өлтіріп кеткен. Күдіктінің кім екені анықталды. Марқұмдардың артында кәмелетке толмаған екі бала қалды.
— Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түскен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Істің тергелуі департамент басшылығының жеке бақылауында. Өзге ақпаратты жария етуге заң бойынша тыйым салынған, — делінген хабарламада.