875
Бірқатар өңірде толассыз жауын жауады
Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды

26 наурызда еліміздің басым бөлігінде толассыз жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бірқатар өңір батыс антициклонының ықпалында болады, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Тек атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне қарай еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, – делінген ертеңгі ауа райы болжамында.
Сондай-ақ тұман күтіліп, батыста, оңтүстікте, шығыста жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы ықтимал.