Жақын уақытта өрт сөндірушіні Ақтаудағы облыстық ауруханаға жібермек.
Жаңаөзенде сауда үйінде өрт шығып, өртті сөндірген өрт сөндірушілердің бірі зардап шегіп, реанимацияға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
25 наурызға қараған түні Жаңаөзендегі «Заңгер» сауда үйінен өрт шыққан. Ғимараттың екінші қабаты өртке оранып, жалын 300 шаршы метрді қамтыған. Өрт сөндірушілер екі сағатта өрттің бетін қайтарған. Бір өрт сөндіруші зардап шеккен.
«Зардап шеккен өрт сөндіруші реанимацияға жатқызылды. Ол қазір дәрігерлердің бақылауында», - деді ТЖМ.
Жақын уақытта өрт сөндірушіні Ақтаудағы облыстық ауруханаға жібермек.