Украина қарулы күштері Каспий құбыр консорциумына тағы да шабуыл жасады, деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.
"24 наурызда түнгі сағат екілер шамасында Киев режимі Краснодар өлкесіндегі Каспий құбыр консорциумының "Кропоткинская" мұнай айдау станциясына ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен шабуыл жасады", - делінген хабарламада.
Ресей әуе қорғанысы күштері оны станциядан 7 шақырым жерде атып түсірді, қалдықтар Кавказская теміржол вокзалының аумағына түсті.
17 ақпанда украиналық ұшқышсыз ұшақтардың шабуылынан станция қатты зақымданып, жұмысы тоқтатылды.
19 наурызда Ресей мен АҚШ президенттері энергетикалық нысандарды атқылауды тоқтату туралы келіссөз жүргізгеннен кейін бірнеше сағаттан соң Украина Кавказская станицасында Каспий құбыр консорциумымен байланысты инфрақұрылым нысанына қайтадан соққы берді.