сейсенбі, 1 сәуір, 2025

БҚО-да жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, екі адам қаза тапты

/
istockphoto.com
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Мазмұны

Батыс Қазақстан облысында Ақтөбе–Орал тас жолында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мәлімет бойынша, апат 22 наурыз күні таңғы сағат 06:15 шамасында Шыңғырлау ауданы, Алмаз ауылы маңында болған.

Алдын ала деректер бойынша, Opel Zafira жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, Van Hool автобусымен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Opel Zafira жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Ал автобус жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу: