дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

/
istockphoto.com
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі

Мазмұны

    19 наурызда еліміздің 13 өңірінде қолайсыз ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

    Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

    Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

    Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді.

    Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі.

    Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман.

    Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

    Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 23 м/с болады.

    Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні - 15-20 м/с.

    Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.

    Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

    Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді.

    Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысатын жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады.

    Алматы облысының шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді.

    Бөлісу: