Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр
14 наурыз күні облыстық маңызы бар Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск тасжолында патрульдік полиция көлігі жол апатына ұшырады. «Hyundai Elantra» қызметтік көлігі УАЗ автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, полицей тұманды күні жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульге шыққан. Апат салдарынан жарақат алып, ауруханаға түскен. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен полицей Қарғалы аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалауда.