Айдар Тұрғамбек халық санын көбейтудің жолын айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Мына кең байтақ жерді халыққа толтыру керек. Көп жастар отбасын құрып, 2-3 баламен шектеліп қалып жатыр. Асыраудан қорқып, жағдай жасап алсақ, осылардың өзін жекізіп алсақ деп уақыттары өтіп жатыр. Уайымдамай, көбейіңдер! Кейін рахатын көресіңдер. Әрбір отбасында кемінде 7-8 баладан болуы қажет. Бұл маған да қатысты», - деп жазды әнші.
Еске салсақ, бұған дейін Айдар Тұрғамбек не үшін тойға шығатынын айтқан еді.