Полиция мал ұрлығының алдын алуды күшейтті.
Полиция мал ұрлығының алдын алуды күшейтті, тексерулер жүргізіп қана қоймай, түсіндіру жұмыстарын да жүзеге асырып жатыр.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары ет өнімдерін тасымалдаған 100-ден астам автокөлік құралын тексерген. Мал ұрлығын жасауға, оларды ұстауға және жауапкершілікке тартуға қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында ұйымдастырылатын рейдтер 31 наурызға дейін жалғасады.
– Тек алғашқы тәулікте мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 111 автокөлік, ет сататын 64 орын және 144 шаруа қожалығы тексерілді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін сегіз азамат жауапқа тартылды. Малдың 13 иесі мал жаю ережелерін бұзғаны үшін жазаланды, – дейді департаментте.